Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебіндеде 2023 жылдың 20-22 желтоқсан күндері аралығында – психолог күніне орай «Өмір керемет!» тақырыбында психология күндері ұйымдастырылды. Іс-шараларға арнайы жоспар құрылып, жоспар бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ: психология күндеріне арналған арнайы бұрыш жасалды.
1-4 сынып оқушыларымен «Санамақпен билейміз!» және «Нейрожаттығулар», «Құрастыру», «Салыстыру», «Екі қол» т.б тақырыптарда мектеп дәлізінде жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды.
3-4 сынып оқушыларымен «Үйшік және адамадар», «Мен ақылдымын мен көріктімін!», «Саған тілеймін!» тақырыбындағы жаттығулар жүргізілді.
5-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына «Сіз үшін!?» тақырыбындағы сұрақ жауап айдары ұйымдастырылды! Оқушыларға түрлі тақырыптарға сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға сыйлықтар таратылды!
5-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына «Мен қандаймын!?» тақырыбындағы акция ұйымдастырылды! Акция барысында оқушыларға және ұстаздарға олардың жақсы қасиеттері жазылған қағаздар мен тәттілер үлестірілді.
Педагог-психолог: Мағауова С.А
https://abokeikhan-arkalyk.edu.kz/kz/struktura-aktilek-4/me-tep-ped-g-g-psikh-l-gy/8943-%C2%AB%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%80-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%82-%C2%BB-%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0-%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96.html#sigFreeId2d2e61c074

