18 Сәу 2023
Іс-шаралар

Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебіндедегі психологтар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жөнінде ақпарат

Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебіндеде 2022 жылдың 19-23 желтоқсан күндері аралығында – психолог күніне орай «Өзіңе сен!» тақырыбында психология апталығы ұйымдастырылды. Апталыққа жеке жоспар құрылып, жоспар бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ: апталыққа арнайы бұрыш жасалды. 1-11 сынып оқушыларымен «Әлемге күлкіңді сыйла!» тақырыбындағы акция ұйымдастырылып, оқушылардың ерекше фотосуреттерінен апталық бұрышына көрме жинақталды. 1 сынып оқушылармымен «Біз бақытты балдырған!» тақырыбында тренинг өткізілсе, 2-4 сынып оқушыларымен «Біздің ең, ең...», «Кел, бәріміз бірге», «Мен ақылдымын..», «Сыйлық сыйлаймыз!» тақырыптарындағы жаттығулар ұйымдастырылды. 5 сынып оқушыларымен «Үйшік және адамадар», «Мен ақылдымын мен көріктімін!», «Саған тілеймін!» тақырыбындағы жаттығулар жүргізілді. 6-8 сынып оқушыларына педагог-психолог «Менің саған тілегім...» тақырыбында акция ұйымдастырды. Акция барысында балаларға қағазға жақсы тілектермен қоса тәттілер үлестірілді.  9-11 сынып оқушыларына «Менің арманым!» тақырыбындағы акция ұйымдастырылып, акция барасында өзінің арманымен бөлісе  алған оқушыларға сыйлық ретінде қаламсаптар таратылды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар