01 Сәу 2024
Іс-шаралар

Музей

Арқалық қаласына қарасты Родина ауылындағы Ә. Бөкейхан атындағы мектепте алаш көсемінің жеке мұражайы ашылды. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – көрнекті қазақ қоғам қайраткері, этнограф, публицист және «Алаш» партиясының жетекшісі, қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға.

Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектібінің тарих пән мұғалімі, педагог-зерттеуші Жармаганбетова Карлыгаш Сабитбековна

 

Алаш көсемінің есімі Родина ауылындағы жалпы білім беретін мектепке берілген болатын. Енді, міне, осы мектептен Әлихан Бөкейхан мұражайы ашылып отыр.Бұл мұражай өскелең ұрпақтың болашағы үшін, еліміздің бостандығы үшін жанын пида еткен көсемнің рухына тағзым ететін, тәуелсіздіктің қандай ұғым екенін түсінетін, бостандықтың не екенін білетін ұрпақтың киелі орны болатыны сөзсіз»,-деді мұражайдың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Әмірхан Асанов.Белгілі қолөнер шебері, тарихшы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин жылы лебізін білдіріп, айтыскер ақын Ернұр Әуезхан арнау жырын айтты. Мұражайдың кермесін қию құрметі қала әкімі Әмірхан Асанов пен ауыл ақсақалы Шөптібай Байділдинге берілді. Зиялы қауыммен жүздесу барысында қала әкімі алдағы уақытта қаладан репрессия құрбандарына арналған аллея ашу жоспарда бар екенін айтты.Тағылымды іс-шара одан әрі қалалық Білім бөлімінің басшысы Есланбек Мәметеков төрағалық жасаған «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан» атты қалалық конференцияға ұласты. Онда Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының доценті, магистр Ардақ Абдуллина, Ә.Бөкейхан атындағы мектептің мұғалімі Қарлығаш Жармағанбетовалар тақырыптық баяндамалар жасады.Пленарлық отырыс соңы «Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы» тақырыбындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар