11 Мамыр 2024
Іс-шаралар

Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Менің әлемім!» атты инклюзивті білім беру онкүндігінің өткізілгендегі ақпараты

Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Менің әлемім!» атты инклюзивті білім беру онкүндігі 6-14 қараша аралығында мектепшілік іс-шаралар жоспары бекітіліп, 06.11 күні «Менің әлемім!» атты салтанатты жиын түрінде ашылды. Қамтылған сыныптар 0-11 сыныптар.

07-14 қараша аралығында жоспарға сәйкес, «Әлем менің көзіммен!» атты 0-4 сыныптар аралығында сынып жетекшілер мен бейнелеу өнері пәні мұғалімі Айтмаганбетов А.М. жауапкершілігімен суреттер байқауы өткізілді. Байқауға 34 дана суреттер қатыстырылды.
https://www.instagram.com/p/Czou6uroXCT/?utm_source=ig_web_copy_link
8 қарашада мектебіміздің орта буыны 5-9 сыныптар аралығында, сынып жетекші және қазақ тілі пәні мұғалімдерінің жауапкершілігімен «Мектеп бәріне ортақ!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Жиналған жұмыстар саны – 9.|
9 қарашада мектепалды даярлық сыныптарында «Біз бақытты балдырған!» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Жауапты сынып жетекшілер: Салимжанова С. және Умирзакова А. Сынып сағаттары, түрлі түсті әдіс-тәсілдермен, көрнекіліктермен безендіріліп, музыкалық сүйемелдеумен жақсы деңгейде өткізілді. Мақсаты: «Бақыт», адами қасиет, сүйіспеншіліктін құндылықтарының мағынасын жеткізе білді.

https://www.instagram.com/p/CzlBrw_o0dG/?igshid=NGEwZGU0MjU5Mw==
https://www.instagram.com/reel/Czlzfobo5qJ/?igshid=ODhhZWM5NmIwOQ==

13 қарашада мектебіміздің спихологы Магауова С.А.  бастауыш және орта буындарда, 3 «А», 3 «Б», 8 «А», 8 «Б» сыныптарында «Дос іздеудемін» атты тренинг сабақтары өткізілді.

https://www.instagram.com/p/CzljdGpoQpV/?utm_source=ig_web_copy_link

14 қарашада мектебімізде І және ІІ ауысым оқушыларына мектебіміздің парламенті – жетекшісі Смаилова С.Б. жауапкершілігімен «Кел, бірге билейік!» атты бой жазу флешмобы өткізілді.

15 қарашада 0-11 сыныптар аралығында салтанатты жиында, «Менің әлемім!» онкүндігіне белсене атсалысқан оқушыларымызды (ерекше білімді қажет ететің оқушыларды) марапаттау рәсімі өткізілді.  Мектептегі барлық оқушылар 100% қамтылып,  марапатталды.

Іс шаралардың өтілуіне, спонсорлық көрсеткен кісілерге алғысымызды білдіреміз!

Менің данныйларым: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогы.
Индекс г Аркалыка 110000
Козыбаева 13/ 2887755202050

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар