18 Сәу 2024
Кітапхана (Kz-kz)

Оқырмандармен жұмыс түрін ұйымдастыру

Әртүрлі ғылыми - әдістемелік, көркем және педагогикалық әдебиеттер мен мерзімді баспа басылымдары оқырмандар тілегінен шығып жатады. Жылдан-жылға кітапханамыз жаңа оқулықтар және әдістемелік оқу құралдарымен, көрнекіліктермен, географиялық карталармен, музыкалық фонохрестоматиялармен, электрондық оқулықтармен, әдеби кітаптармен толықтырылып отырады.

«Кітапты сақта», «Кітапты қалай дұрыс оқу керек» тақырыбында барлық сыныптармен кітапты ұқыпты ұстау мақсатында әңгімелеу жүргізілді. Кітап тексеру рейдтер сыныптар бойынша тексеріледі.   

Оқушылардың жүйелі оқуға тарту мақсатында жоспар бойынша әр тақырыпта түрлі

іс - шаралар өткізіледі 2023 - 2024 оқу жылында өткізілген іс-шаралар: 

1 - сынып оқушыларына арнап «Кітапханаға саяхат» атты кітапханалық  көрме өткізілді. Оңда оқушылар кітапханамен танысып, слайд көрсетілімдері арқылы кітпахана ережесімен таныстырылды, әр түрлі  кітап туралы ойындар ойнатылды.

Әрбір оқушымен мүмкіндігінше жеке жұмыс жүргізілді: оқыған кітаптары жайында,әдебиеттерді таңдау барысындағы көмек көрсетіледі.    Кітап көрмелеріндегі кітаптарды оқырмандарға жақынырақ таныстыру мақсатында тұрақты түрде көрмелер өткізіліп тұрады.  Кітапханада мерей той иелеріне арналған көрмелер ұйымдастырылған:

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар