18 Сәу 2024
Кітапхана (Kz-kz)

Оқырмандардың кітапханаға келу белсенділігінің орташа көрсеткіші жақсы деңгейде. Олар жүйелі түрде кітапханаға сынып сағаттарына және тәрбие жұмыстарына қажетті апталықтарға арналған ақпараттар алу үшін келеді

Оқырмандардың кітапханаға келу белсенділігінің орташа көрсеткіші жақсы деңгейде. Олар жүйелі түрде кітапханаға сынып сағаттарына және тәрбие жұмыстарына қажетті апталықтарға арналған ақпараттар алу үшін келеді.

Бұның себебі, кітапхана қоры көркем әдебиетпен толықтырылған, жаңа әдебиеттермен және журнал, газеттермен, балалар әдебиет кітаптары  үш тілде шығарылған. 5 - 6 сынып оқушылары ертегі кітаптарын алса, 7 - 8 сынып оқушылары қазақ тіліндегі шығармаларды оқиды.  9 - 11 сынып оқушылары орыс тілі мен шетел әдебиеттерінде жазылған шығармаларды оқиды.

Бұл оқушылардың ой - өрістерін дамытып,шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп ықпал тигізеді. Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі - білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Біздің балалар үшін ең бастысы көрнекілік.Сол себептен кітапханадағы іс-шаралардың барлығы да интерактивті жүйеде, слайд-презентациялар арқылы жүргізіледі.

Кітап көрмелері кітап туралы ақпарат берудің ең тиімді түрі. Кітапхана бұл жұмыс түрін жиі пайдаланады. Кітапханада үнемі «Жаңа кітаптар», «Менің досым энциклопедия» тақырыбында кітап көрмесі жүргізіліп отырады.

Кітапхана гимназияда өтетін әдістемелік күнге де тиісті көмегін жүргізіп,жаңа технологияны пайдалана отырып, кеңестер өткізеді. Кітап апталығында өткізілген іс шаралар қалалық әдістемелі орталығында жинақталады.

Оқушылар облыстық кітапханада өтетін іс-шараларға жиі қатысып отырады. Жыл сайын өтетін кітап апталығына белсене араласады. Кітапхана – бұл уақыт толқынында тербеліп, өзінің асыл қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ой кемесі.

Кітап байлығын сақтап, қорғап қалу кітапхана мамандарының тұрғылықты қамқорлықтарының бірі. Баршаға мәлім, әрбір кітапхананың негізі – оның кітапқоры.

Кітап қоры жақсы қалыптасқан кітапханада, әр оқу жылында оқырмандар саны артып, оқуға деген сұраныстар күшейе түсері сөзсіз. Уақыт талабына байланысты кітапхана ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат хабарларға деген өскелең талаптарға сай кітапхана өз жұмысын атқаруда. 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар